logo

Жеңіске жету үшін аз: Ермахан Ибраимов қазақстандық жас боксшылардың өнерін бағалады

Жеңіске жету үшін аз: Ермахан Ибраимов қазақстандық жас боксшылардың өнерін бағалады

2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Черногорияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатынында сынға түсіп жатқан боксшылардың аяқ алысы туралы айтты, деп хабарлайды Sport +.

«Жастар арасындағы әлем чемпионатында біздің 3 қызымыз бен 4 ұлымыз финалға шықты. Боксшыларымыз тағы қоса түссе екен деген ой да болды. Дегенмен біздің боксшыларымыздың бәріне де ризамын.

Барын салды, бірақ жеңіске жету үшін бұл жеткіліксіз болды. Әлем чемпионаты аяқталған соң барлық мәселені талқылайтын боламыз. Алдағы жарыстарға бұл үлкен дайындық болады.

Сондай-ақ жастарға көбірек физикалық тұрғыда жұмыс істеуі керек. Егер физикалық күшіңіз мығым болса, тактика мен техниканы орайластырып құруға болады. Бұл нәрсе боксшыларымызға 3 раунд бойы жақсы өнер көрсетіп шығуға мүмкіндік береді», -  деді Ермахан Ибраимов.

Айта кетейік, Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында Қазақстан намысын 7 боксшы қорғайды. Финалдық жекпе-жектер 2-3 қараша аралығында өтеді.