Бокстан әлем чемпионаты: бірінші күні Қазақстан қоржынында үш алтын медаль
Будвада бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты финалының алғашқы күні шаршы алаңға шыққан Қазақстанның үш спортшысы да жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+
81 келіде Аружан Зейноллаева әлем чемпионы атанды. Біріншілік барысында Ресей (5:0) және Польша (4:1) боксшыларын қапы қалдырған отандасымыз финалда Рухшона Парпиеваны (Өзбекстан) айқын басымдықпен жеңді.
75 келіде Санжарәлі Бегалиев үздік шықты. Осы чемпионатта Санжарәлі Румыния (5:0), Болгария (5:0), Куба (4:1) және Польша (3:2) спортшыларын жеңді. Ақтық сында Джафарбек Шахбазовтан (Өзбекстан) айқын басымдықпен айласын асырды.
Бұған дейін Төрехан Сабырхан кубалық қарсыласын жеңіп, жүзден аса жекпе жекке жалғасып келе жатқан жеңіліссіз сериясын жалғастырды.
Бүгін, 3 қараша тағы төрт финалист өнер көсетеді: Елянур Турганова (50 келі), Бексұлтан Боранбек (51 келі), Өнер Сейілхан (71 келі) және Ұлдана Таубай (66 келі).