logo

Алтын алам деп келіп едім, қола да бұйырмады: Сәкен Бибосынов

Алтын алам деп келіп едім, қола да бұйырмады: Сәкен Бибосынов

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалында өнер көрсетіп, ұтылып қалған Сәкен Бибосынов осы кездесуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Өте өкінішті болды. Алтын алам деп келіп, қолаға да қол жеткізе алмадым. Бұл жолы басты қарсыласымнан есемді қайтарам деп ойлағанмын. Бәрі керісінше болды. Шаршы алаңда барымды салдым.

Бірақ төреші қарсыласымының қолын көтерді. Демек, сол жеңді. Мен еліміздің намысын қорғай алмадым», - деді жекпе-жектен кейін Сәкен Бибосынов.