«Алтай» «Рубиннің» бұрынғы қақпашысымен толықты
Өскеменнің «Алтайы» 31 жастағы ресейлік қақпашы Иван Коноваловпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коновалов — Мәскеудің «Спартак» академиясының түлегі. Оның соңғы клубы Минскінің «Динамосы» болды.
Қақпашы мансабында Қазанның «Рубині», Екатеринбургтің «Уралы», шотландиялық «Ливингстон», Қостанайдың «Тоболы», әзербайжандық «Туран Товуз», сондай-ақ Минскінің «Динамосы» сапында өнер көрсеткен.