logo

«Қайрат» «Реал Мадридпен» болатын матчтың алдында орталық қорғаушысынан айырылды

«Қайрат» «Реал Мадридпен» болатын матчтың алдында орталық қорғаушысынан айырылды

28 жастағы грузиялық қорғаушы Лука Гадрани «Қайрат» клубынан кетіп, израильдік «Бейтар» командасына ауысты, деп хабарлайды Sport+ Алматы клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лука Гадрани 2024 жылдың басында «Ақтөбеден» «Қайратқа» ауысқан болатын. Бұған дейін Қазақстанда ол «Тараз» клубының намысын қорғаған. Сондай-ақ, футболшының мансабында Латвияның «Валмиера», Грузияның «Цхинвали» мен «Рустави», және Иранның «Шахин» клубтары бар.

Ол Қазақстан премьер-лигасында барлығы 61 матч өткізіп, 5 гол соққан.

Бұған дейін ойыншының «Бейтар» клубына қысқы трансфер терезесінде ауысатыны хабарланған еді, алайда клубтар ерте келісімге келіп, трансфер мерзімінен бұрын жүзеге асты.



Күн шежіресі