logo

Қазақстан құрамасының 2025 жылғы Дэвис Кубогындағы қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасының 2025 жылғы Дэвис Кубогындағы қарсыласы анықталды

Халықаралық теннис федерациясы 2025 жылғы Дэвис Кубогының Әлемдік топ I плей-офф кезеңінің жеребе нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан құрамасына қарсылас ретінде Пәкістан құрамасы түсті. Қазақстан құрамасы топтың көшбасшыларының бірі ретінде жеребеде басымдыққа ие болды.

Плей-офф матчтары 2025 жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпаны немесе 1-2 ақпан аралығында «үйде немесе сыртта» қағидасы бойынша өтеді.

Пәкістан құрамасы ITF әлемдік рейтингінде 46-орында, ал Қазақстан құрамасы 21-орынды иеленген.



Күн шежіресі