logo

Алмабаев UFC жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа кірді

Алмабаев UFC жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа кірді

Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев ресми түрде UFC үздік 10 тізіміне енді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық жауынгер өткен аптаның соңында бразилиялық қарсылас Матеус Николауды жеңгеннен кейін UFC рейтингі бойынша жетінші көтерілді. Ал Николау қатарынан үшінші жеңілістен кейін үш сатыға төмендеді.

Алмабаев UFC рейтингінің ТОП-10 қатарына кірген екінші қазақстандық атанды. Бірінші болып он үздік файтер қатарына Шавкат Рахмонов көтерілген еді. Шавкат 8 желтоқсанда жартылай орта салмақтағы чемпиондық атақ үшін Белал Мұхаммадпен кездеседі.

Қазіргі уақытта 30-жасар Алмабаев UFC ұйымында 4-0 рекордымен келе жатыр. Ол өзінің дебютін 2023 жылдың тамызында Оди Осборнмен кездесіп, 2024 жылы Сиджей Вергара, Хосе Джонсон және Матеус Николау сынды қарсыластарын төрешілер шешімімен жеңді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от UFC Eurasia (@ufceurasia)



Күн шежіресі