logo

Эдуард Базров Рахмоновтың дайындығы туралы: Мақсатымыз анық, сол себепті кедергі көрмейміз

Эдуард Базров Рахмоновтың дайындығы туралы: Мақсатымыз анық, сол себепті кедергі көрмейміз

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов пен DAR Team командасының жаттықтырушысы Эдуард Базров  Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында маңызды жекпе-жекке дайындық кезеңі туралы айтты.

«Шавкаттың бабы жақсы. Ол шеберлігін шыңдауда, біз күніне екі рет жаттығамыз. Төрт жыл бойы біз бірге жұмыс істеп келеміз. Мен оның күресіне, дене даярлығына және қалпына келуіне жауаптымын. Бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Бізге айтылған барлық сөздер — біз мұның бәрін бұған дейін естідік. Бізді қорқытты, олар бізді тапап өтетінін естідік, бізді жейтінін айтты, бірақ соңында олардың бәрі қайғылы жағдайға тап болды. 
Ең бастысы, ешқандай жарақат, суық тию жоқ, біз мұнда өз жұмысымызды жасаймыз. Содан кейін Шавкат Майамиге, Kill Cliff залына, аңыз адам және өз ісінің шеберіне Генри Хуфтқа барады. Сондай-ақ, Шавкаттың қасында 25 жыл бойға достығымыз бар бапкер Саид Сапаров болады. Олар өз қызметін жақсы атқарады. Біз мұнда жұмыс істейміз, олар сол жерде дайындық жүргізеді. Біз шығамыз, ең жақсы формада боламыз. Бізде өте үлкен мақсаттар бар және біздің тарапымызға айтылған сөздерге назар аудармаймыз, олар бізді алаңдатпайды. Мақсатымыз анық, сол себепті кедергі көрмейміз, түсінесіз бе?», — деді Базров Қарағандыда өткен NAIZA кешінде. 

Шавкат Рахмонов (18-0) пен Белал Мұхаммад (24-3) арасындағы жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 2024 жылдың 7-8 желтоқсанына қараған түні Лас-Вегаста өтеді.