Әліби Ыдырыс: Brave лигасы Мохаммед Мокаевпен төбелесуге ұсынды, бірақ мен денсаулығыма байланысты бас тарттым
NAIZA 69 турнирінде өзінің клубтастарын секундент болған қазақстандық жауынгер Әліби Ыдырыс Sport+ телеарнасына сұхбат берді.
— Негізі осы турнирде өнер көрсету керек едім, денсаулығыма байланысты қатыса алмадым. Келесі жылдың басында жекпе-жек іздейміз, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Rizin лигасынан 3-4 жекпе-жекке ұсыныс келді, сосын UFC-ге ұсыныс жасадық, енді менеджерлерден хабар күтіп отырмыз. Ақпан-наурыз айында жекпе-жекке шығуға жоспарлап отырмын.
Әліби UFC-дің бұрынғы жауынгері Мохаммед Мокаевпен төбелесу туралы ақпарат туралы да айтып өтті.
— Иә, Brave лигасы жекпе-жекке үш апта қалғанда 57 келі салмақта Мохаммед Мокаевпен төбелесуге ұсынды, бірақ мен ол кезде денсаулығыма байланысты жаттығыпта жүрген жоқпын, сол себепті бас тарттым ұсыныстан. Негізі мен үшін бұл жекпе-жек қызық болды, себебі Мокаев UFC-дің чемпионы атануға лайықты жауынгер еді. Мен өзімді мықтылармен жекпе-жекте сынап көргім келеді. Кеш пе, ерте ме мен UFC-ге барамын, соған сенемін.