logo

Александр Заруцкий өзінің дебюті туралы: Ситалоға алғысым шексіз, ол мені нағыз қықпашы ретінде баптады

Александр Заруцкий өзінің дебюті туралы: Ситалоға алғысым шексіз, ол мені нағыз қықпашы ретінде баптады

Қазақстан құрамасының дебютанты Александр Заруцкий ұлттық құрамадағы алғашқы матчы турады пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan ҚФФ сілтеме жасап.

«Жеңіске жетпегеніміз өкінішті. Мен бапкерлер штабы мен Ситалоға алғысым шексіз, ол маған тағы да мүмкіндік берді, футболда өсуіме үлес қосты. Ол бір кездері мені тәрбиелеп, нағыз қақпашы ретінде баптады, енді осындай матчта дебют жасауға мүмкіндік берді. Барлық командаға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Әрине, мен гол жібермей ойнағым келді, осы мақсатты орындау үшін командаластарым бәрін жасады, бірақ ол сәтте рикошет болды. Мүмкін бірінші таймның соңында соғылған бұл гол нәтижеге әсер еткен шығар», — деді қақпашы.

Александр Заруцкий қарағандылық «Шахтерде» Ситалоның қарамағында екі маусым жаттықты.



Күн шежіресі