logo

Александр Бублик Париждегі турнирден бас тартты

Александр Бублик Париждегі турнирден бас тартты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик және ресейлік Карен Хачанов Париждегі «Мастерс» турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды  Sport+.

Алғашқы айналымда Бублик пен Хачанов француздар Артюр Фис және Джованни Мпетши Перрикармен кездесуі керек еді. Алайда бұл ойынға қатыспайтын болды. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Александр Бублик (ATP 33 орын) Париждегі турнирдің жеке сынында даниялық Хольгер Рунға (13-орын) 4:6, 2:6 есебімен жол берді. Карен Хачанов (21-орын) 31 қазан күні Австралия ойыншысы Алексей Попыринмен (24-орын) кездеседі.



Күн шежіресі