Аида Әбікеева – бокстан әлем чемпионы!

Қазақстандық Аида Әбікеева бокстан 2025 жылғы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport+.
Аида тайландтық Тананья Сомнуекті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.
Бұл — оның әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
Әбікееваның алтыны — Қазақстан құрамасының үшінші алтыны. Бұған дейін Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.