Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионы атанды

Сербияда қыздар арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Алуа Балқыбекова қытайлық Ху Мэйді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 5:0 есебімен жеңді.
Бұл алтын 28 жастағы қазақстандық спортшы үшін алғашқысы болды. Бұған дейін оның қоржынында әлем чемпионатының қола және күміс медальдары бар еді.
Бұл — Қазақстан құрамасының қоржынына түскен екінші алтын. Бұған дейін Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанған болатын.