Надежда Рябец Әлем чемпионатында медальсіз қалды

Қазақстандық Надежда Рябец бокстан Әлем чемпионатының ширек финалында төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліп, медальсіз қалды, деп хабарлайды Sport+.
Надежданың қарсыласы сербиялық Николина Гажич болды.
Қазіргі таңда Қазақстанның алты боксшысы жартылай финалға шықты: Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева, Наталья Богданова, Аида Әбікеева және Елдана Тәліпова.