Назым Қызайбай – бокстан үш дүркін әлем чемпионы!

Сербияда қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+.
Алғаш болып ең жеңіл салмақтағы — 48 кг дейінгі боксшылар рингке шықты.
Финал аясында Назым Қызайбай ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Қазақстан тарихындағы бокстан үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы атанды.
Олимпиададан кейін Назым Sport+ телеарнасына үлкен сұхбат берді.