logo

Чемпион қарсыласты талқандады

Чемпион қарсыласты талқандады

Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан чемпионатының 1-турының аясында қарағандылық «Шахтерді» ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кездесудегі алғашқы голды Игорь Пластун соқты. Содан соң қанжығасын өзбек шабуылшысы Шахбоз Умаров майлады, кейін Жасурбек Яхшибоев есеп айырмасын ұлғайтты.

Екінші таймда «Ордабасының» тағы бір жаңа ойыншысы Златан Шехович гол соқты. Кездесуге нүктені Сергей Малый қойды. Қорытынды есеп – 5:0.