Айбек Оралбай аса ауыр салмаққа ауысу барысындағы қиындықтарымен бөлісті
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Sport+ телеарнасына берген сұхбатында салмақ ауысу кезіндегі қиындықтармен бөлісті.
«Мен өзімнің рингтағы салмағымды таба алмай жүрмін. Азия чемпионатында көріп келдік, онда рингта өзімді ауыр сезіндім. Қайрат ағайға (Қайрат Сәтжанов — құраманың бас бапкері, — Sport+) да айттым, ол „байқап тұрмын“ деп жауап берді. Азия чемпионатында 103 келі болып шықтым, енді 98-99 келі болып шығуды жоспарлап отырмын. Негізі рингқа шыққан кезінде, өзінді жақсы сезіну маңызды, себебі 100-200 грамм артық салмақтың да рөлі бар. Қазір аса ауыр салмақтаға боксшылар арасында мен ең кішкентаймын, алдында жартылай финалда өзбек қарсыласыммен бокстастым, мен одан 22 келі төмен болып шықтым. Алайда, ағайларым маған „сені қарсыластарыңды ақыл және жылдамдықпен жеңесін, олармен күшіңді салыстырып керегі жоқ“ деп айтады», — деді Айбек.
Sport+ телеарнасының «Бірге-бірге» бағдарламасының толық шығарлымын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.