logo

Садриддин Ахмедов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Садриддин Ахмедов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

360 Promotions промоутерлік компаниясы бірінші орта салмақтағы жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың (15-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін әлеуметтік желілерде жариялады, деп хабарлайды Sport+.

«Солдат Q» рингке 19 сәуірде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында оралады. Ол мексикалық боксшы Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) кездеседі. Бұл айқас кештің басты жекпе-жегі ретінде жоспарланған.

«Бірінші орта салмақтағы тартысты жекпе-жек — Астана, Қазақстанның өкілі Садриддин Ахмедов пен Юкатан, Мексикадан келген Элиас Эспадас арасындағы кездесу 2025 жылдың 19 сәуірінде Commerce Casino-да өтетін шоуға басты оқиға ретінде қойылады», — делінген жарияланымда.

Ахмедовтың соңғы жекпе-жегі 2024 жылғы 13 желтоқсанда Калифорнияда өтіп, ол америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын.



Күн шежіресі