Милана Сафронова кәсіпқой боксқа ауысты
2024 жылдың соңында әуесқой бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Милана Сафронова кәсіпқой рингке кететінін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
«Менің ендігі мақсатым — Қазақстаннан шыққан тұңғыш абсолютті әлем чемпионы атану. Бірінші жаттығу жиынын Таиландта өткіздім, енді Мәскеуге келіп өзімнің алғашқы бапкерім Захар Рутенбергпен дайындаламын. Алғашқы жекпе жегімнің күнін жақын күндері жариялаймын, ресми түрде кәсіпқой бокстамын», — деді Сафронова әлеуметтік желіде.