logo

Естанов Қаршыға Дәуітбектің UFC-мен келісімшарты туралы: Rizin лигасының белбеуін жеңсе, мүмкіндік бар

Естанов Қаршыға Дәуітбектің UFC-мен келісімшарты туралы: Rizin лигасының белбеуін жеңсе, мүмкіндік бар

Қазақстандық ММА жауынгері Қаршыға Дәуітбектің жаттықтырушысы Мұрат Естанов Sport+ телеарнасына берген сұхбатында UFC лигасына өту туралы айтты.

«Қаршығаның жолы ауыр. Өмір бойы оған бір нәрсе жетпей қалады — келісімшарт немесе денсаулық жағынан болсада. UFC-ге қатысты ақпарат? Қаршығаның менеджері Саят Абдрахманов қазір әрекет етіп жатыр. Rizin лигасының белбеуін жеңсе, мүмкіндік бар деп тұр. Егер UFC шақырса жапондық лига жібереді деген келісім бар. Басқа лигаларға олар жіберуге дайын емес», — деді Естанов.

Қаршыға Дәуітбек соңғы 9 жекпе-жекте жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегін ол Rizin лигасы аясында өткізіп, жапондық қарсыласы Рен Сугияманы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.   

Жауынгермен толық сұхбатты Sport+ телеарнасының YouTube-арнасынан көруге болады. 



Күн шежіресі