Қаршыға Дәуітбек: Өмірімді жастарға үлгі еткім келмейді, себебі осы уақытқа дейін үлкен қателіктер жасадым

Қазақстандық ММА жауынгері Қаршыға Дәуітбек Sport+ телеарнасына берген сұхбатында жеке өміріндегі қателіктер туралы айтты.
«Жеке өмір туралы ештеңе айтқым келмейді, себебі осы уақытқа дейін үлкен қателіктер жасадым. Мен тәртіпті, білімді және тәрбиелі адам болып өстім деп айта алмаймын. Қаншама қиындықтар болды, жоқшылық болды. Өмірім жастарға үлгі еткім келмейді. Спорттық жетістіктерім, дәрежем біреуге үлгі болса болсын, бірақ жеке өмірім емес», — деді жауынгер.
Қаршыға соңғы жекпе-жегін Rizin лигасы аясында өткізіп, жапондық файтер Рен Сугияманы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.
Жауынгермен толық сұхбатты Sport+ телеарнасының YouTube-арнасынан көруге болады.