logo

3 млн теңге: Әлем чемпионатының жеңімпаздары қанша сыйақы алады?

3 млн теңге: Әлем чемпионатының жеңімпаздары қанша сыйақы алады?

Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп қазақстандық жас боксшылардың әлем чемпионатындағы жетістігі туралы айтып, оларға берілетін сыйақы жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Sport +.

Черногорияда өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль жеңіп алған еді. Осы көрсеткішпен команда жалпы есепте 1-орынға ие болып, бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. Cондай-ақ АҚШ-та World Boxing ұйымдастыруымен өткен алғашқы әлем чемпионатында екі қазақстандық жас боксшы күміс жүлдені қоржынға салды.

«Бізде ереже бойынша, бірінші орынға 3 млн, екінші орынға 1,5 млн, ал үшінші орынға қателеспесем 1 млн теңге беріледі. Бірақ қазір ақылдасып жатырмыз, бұл соммалар көбейеді. Өйткені тарихи нәтиже тіркеліп отыр, ұл-қыздарымыз бірнеше рет әнұранымызды шырқатып, көк туымызды желбіретті», - деді Шахмұрат Мүтәліп.