logo

Қостанай облысында экс-полицейді бокс мектебіне директор етіп тағайындаған

Қостанай облысында экс-полицейді бокс мектебіне директор етіп тағайындаған

Жаттықтырушылар құрамы Берік Додановтың бокстан мүлде хабары жоқтығын айтып налиды, деп хабарлайды Sport +.

2016 жылғы Олимпиада ойындарынан бері қостанайлық боксшылар олимпиадалық құрамға ілікпеген. Мамандардың айтуынша, мұның бәріне орынсыз тағайындаулар себеп.

«Боксшылардың бірін де танымайтын жаңа директор тағайындалды. Ол бұрын қоян-қолтық ұрыспен айналысқан. Полицияда жұмыс істеген, енді келіп аяқ астынан облыстық спорт мектебіне басшы ретінде келіп отыр.

Меніңше, бұл адам не бокс ұжымын, не еңбекті ұйымдастыруды, не оқу-жаттығу процесін білмейді. Ол жақта мүлде бөлек адам – осы саладан хабары бар адам отыруы керек», — деді спорт ардагері Аманбек Әбікенов.