logo

Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогынан шығып қалды

Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогынан шығып қалды

Астанада өткен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы Данияға жалпы есепте жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

15 қыркүйекте алдымен жұптық сында Александр Недовесов пен Бейбіт Жұқаев Йоханнес Ингилдсен мен Кристиан Сигсгаардпен шеберлік байқасты. Кездесу барысында қазақстандық теннисшілер қарсыластарына 6:7, 3:6 есебімен есе жіберді. 

Ал, ұлттық құрама сапында тұсаукесер ойынын өткізген Бейбіт Жұқаев даниялық Филипп Хертке алдымен 3:6 есебімен жеңіліп, одан кейін 6:4, 10:8 есебімен басым түсті.

Жалпы есепте Дания құрамасына 1:3 есебімен жеңілген қазақстандық теннисшілер жарыс жолынан шығып қалды.

Нәтижесінде қарсыластар 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алды. 



Күн шежіресі