Жұман Жұмабеков: Осы кезге дейін өкінетін бір зат: әкемнен кешірім сұрап үлгермегенім
Қазақстандық ММА жауынгері Жұман Жұмабеков Sport+ телеарнасының құрметті қонағы атанып, жүрек жарды сұхбат берді.
34-жасар жауынгер көзіне жас алып, өмірдегі басты өкінішімен бөлісті. Бұл Жұман мен өмірден озған әкесі арасындағы күрделі қарым-қатынасы.
«Осы кезге дейін өкінетін бір зат: әкемнен кешірім сұрап үлгермегенім (бұған дейінгі сұхбаттарда Жұман әкесіне қол көтергені туралы айтқан еді — Sport+). Жасаған нәрсем көз алдыма келеді. АллаҺтан сол кісіні ақыретімде көрсем деп тілеймін. Қатты ойландыратын тағы бір сұрақ: неге ол кететін кезінде маған айтпады? Мен қайтыс болғанын 2-3 күннен кейін естідім. Сенген жоқпын. Кентауға барып өз көзіммен көргенімде, қатты сағыныш болды. Құшақтап, жасаған әрекетім үшін кешірім сұрасам деген секілді ойлар болды. Бірақ бұл мүмкін емес. Бұл өкініш өзіммен бірге кетеді» — деді Жұман.
Жұман Жұмабековпен толық сұхбатты біздің YouTube-арнамыздан көре аласыздар.