Руслан Сариев: Алғашқы жеңістен кейін алған сыйақым 30-40 мың тенге еді
«Alash Pride» лигасының чемпионы Руслан Сариев Sport+ телеарнасының қонағы атанып, өзінің кәсіби жекпе-жекте алған алғашқы сыйақысы туралы айтты.
— Бірінше жекпе-жекте мен өз жаттығу залымдағы бір жауынгерді алмастардым. Бірінші қарсыласымды «рычаг» әдісімен жеңген едім (2016 жыл — Sport+). Жеңістен кейінгі сезім бөлек екен. Содан кейін кәсіби түрде ММА-да өнер көрсетуге құлшыныс пайда болды. Сол кездегі жеңіс үшін алған сыйақым 30-40 мың тенге еді. 10 мың тенгені өзіме қалдырып, қалғанын ата-анама берген едім, — деді Сариев.
Руслан Сариевпен толық сұхбатты біздің Youtube-арнамыздан көре аласыз.