Жума Давлатмамадов – NAIZA лигасының уақытша чемпионы (видео)
Тәжікстандық спортшы Жума Давлатмамадов NAIZA лигасының уақытша чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Ол Асет Анарбаевты нокаутпен жеңді.
Жума бұл турнирге бастапқыда чемпиондық жекпе-жектің қосалқы спортшысы ретінде келген болатын. Алайда Валерий Гусаров салмақ өлшеуден өте алмағаннан кейін, Давлатмамадовқа мүмкіндік берілді. Ол бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, жеңіске жетті.