Елжан Алиасқар: Қарсыласымды толық зерттеуге уақыт болмады – бәрін жекпе-жекте көресіздер

Елжан Алиасқар: Қарсыласымды толық зерттеуге уақыт болмады – бәрін жекпе-жекте көресіздер

NAIZA 83 турнирінде жұдырықтасатын қазақстандық жауынгер Елжан Алиасқар Sport+ сайтына берген сұхбатында алдағы жекпе-жекке дайындық барысы және қарсыласы туралы ойын айтты.

— Елжан, алдағы жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр? Жаттығу лагерін қай жерде өткізіп жатырсыз?

— 23 мамырда өтетін NAIZA 83 турниріне дайындық толыққанды, өз деңгейінде өтті. Жаттығуды өз залымда, DAR TEAM командасында өткіздім.

— Қарсыласыңызды зерттедіңіз бе? Оның мықты және әлсіз тұстары туралы не айта аласыз?

— Қарсыласымды толық қарап үлгермедім. Ол мықты дағыстандық жауынгер екенін білемін. Бірақ мен де осал емеспін, толық дайынмын. Әлсіз немесе мықты тұсын нақты айта алмаймын, бәрін жекпе-жек барысында көре жатармыз.

— Чемпиондық белбеуге қайта таласу үшін бірнеше маңызды жекпе-жек өткізу керек сияқты. Лигадағы жаңа кезеңге дайынсыз ба?

— Иә, кез келген жағдайға дайынмын. Өзімнің жоспarım бар, қазір сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұйырса, чемпиондық жекпе-жектің уақыты да келеді. Асығудың қажеті жоқ.

Алиасқардың NAIZA 83 турнирінде қарсыласы ресейлік спортшы Магомедтагир Мирзалабагандов болады.

NAIZA 83 турнирі 23 мамырда Алматы қаласында өтеді. Турнирді тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.



Күн шежіресі