Чемпионның оралуы, пауэрслепердің дебюті және екі титулдық жекпе-жек. NAIZA 83 турнирінің трансляциясы

Чемпионның оралуы, пауэрслепердің дебюті және екі титулдық жекпе-жек. NAIZA 83 турнирінің трансляциясы

Алматыда NAIZA 83 ірі турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы лига чемпионы Болат Заманбеков өз белдігін жарқын әрі жеңіліп көрмеген үміткер Еламан Саясатовқа қарсы қорғайды.

Кештің қосалқы басты кездесуінде жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Негізгі чемпиондық атағын Валерий Гусаров қорғауы тиіс болған, алайда ресейлік спортшы салмақ межесін орындай алмады. Енді уақытша чемпион атағы үшін қазақстандық Әсет Анарбаев пен тәжікстандық Жума Давлатмамадов жұдырықтасады.

Сондай-ақ турнирде ең жеңіл салмақтағы лиганың бұрынғы чемпионы Қазбек Сағын жарақаттан кейін октагонға қайта оралады. Бұдан бөлек, Дана Уайттың Power Slap шоуының жұлдызы Мохаммед Амантаев NAIZA лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Турнир 16:00–де басталады. Тікелей трансляция Sport+ арнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасында көрсетіледі.



Күн шежіресі