logo

Жүк тиеушіден кәсіпқой ММА жауынгеріне дейін: Қожахмет Иманғали

Жүк тиеушіден кәсіпқой ММА жауынгеріне дейін: Қожахмет Иманғали

Қазақстандық ММА жауынгері Қожахмет Иманғали Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында мансабындағы қиындықтар, Василий Тахтаймен жұмыс жасау және алдағы армандары туралы айтып берді.

- Дайындық қай жерде өтіп жатыр? Тахтай командасы жақында жаңа залға көшті. Қандай әсердесіз, жаңа жаттығу залы көңіліңізден шықты ма?

- Дайындық өзімінің Takhtay team. Жаңадан ашылған зал жақсы. Жеке клубтың басқа өңірлерде кездестірмейтін академиясы десе де болады. Залдың аурасы жақсы, мұнда жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Уәждеме жоғары, осындай жасалған жағдайдан кейін чемпиондық атақты жеңу мен үшін парыз.

- Алда Талантбек уулумен жекпе-жегіңіз бар. Бапкеріңізбен Эрболдың жекпе-жегін қарап шықтыңыз ба? Қарсыластың мықты және осал тұстары жайында не айта аласыз?

- Бапкерім Василий Тахтаймен бірге қарсыласымның жекпе-жектерін көрдік. Әлсіз жақтарын зерттеп, арнайы жоспар құрдық. Енді салмақ қуып, отктагонға шығып, өзімнің басқа деңгейде екенімді көрсету керек.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Imangali Kozhaxmet (@qojaxmet)

- Василий Тахтай сіз Астанаға көшкен кезде жүк тиеуші болып жұмыс істегендеріңізді, мұздатылған балықтарды тасумен айналысқандарыңызды айтқан еді. Сол кезде сіз кәсіпқойлармен RUH лигасында рекордыңыз 5-0 болатынын елестете алдыңыз ба?

- Астанаға алғаш келген кезде жүк тиеуші тасушы болып жұмыс жасап, кейін Василий ағаймен таныстым. Ағай бізді тартып, жетелеп, осы күнге дейін мүмкіндігінше көмектесіп келе жатыр. Арманым үшін келдім Астанаға. Алланың қалауымен, ағайдың қолдауымен алға қозғалудамыз. Бұл тек бастамасы деп ойлаймын.

- Сіз үшін RUH-пен OCTAGON айырмашылығы қандай?  Қайсысы көбірек ұнайды? Қайсысы көбірек гонарар ұсынады?

- Екі жақты бөліп жармаймын. Қос лига да жақсы. Сыйақы жағынан бірдей, бірақ мен әзірше қомақты ақша таппаймын. Тапқан сыйақы дәрі-дәрмекке, жарақаттарды емдеуге кетеді. 

- Сіздің салмақ санатыңызда белбеудің иесі әлі белгілі болған жоқ. Оны иемдену жоспарыңызда бар ма?

- Мен төбелесетін кардта біздің салмақтын чемпионы анықталатын болады. Егер осы жекпе-жектен кейін белбеуге төбелесуге мүмкіндік берсе, әрине, қарсы болмаймын. Алдағы уақытта OCTAGON чемпионы атануға ниеттімін.   

- Тахтай ағайдың OCTAGON-да бірнеше чемпионы бар. Василийдің жеңіске жету құпиясы неде?

- Оның ешқандай құпиясы жоқ. Бапкердің адалдығы, бізге артқан сенімділігі. Ол бізбен тек бапкер ретінде емес, дос, бауыр, әке ретінде кез келген жағынан сөйлесе алады. Жаттығуға шаршап келгенде, бапкерді көрген кезде, күш алып, жұмыс жасауға ынталандырады. Мүмкін осындай қарым-қатынастың арқасында ағайда чемпиондар көп.  

- ММА бойынша мансап жолындағы жалпы жоспарыңыз қандай?

- ММА-да жүрген әрбір жауынгердің арманы – UFC. Алланың қалауымен менде осы арманға қол жеткізгім келеді.



Күн шежіресі