Әліби Ыдырыс UFC-дің бұрынғы жауынгері Морозовтың октогонға оралуы туралы
Қазақстандық жауынгер, «Еркін күш» клубының мүшесі Әліби Ыдырыс UFC-дің бұрынғы жауынгері Сергей Морозовтың октогонға неге оралмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Мен 95% сенімдімін: Морозов ММА-ға қайтып оралмайды. Ол өзінің дінін тапты, оның басқа әлем ашылды. Оның қазір басты жігері, ынтасы — отбасы. Ол басқа әлем деп айтуға болады. Ол тұлға ретінде дамып жатыр. ММА оған қызық болмай қалды. Залға келіп, терін шығарып тұрады. Күресіп, алысып тұрады. Спорттан кету жалпы қиынғо. Оның бабы қазір жақсы, белінен бір май шығып кеткенін көрмейсін. Кешенің өзінде Нұрбекпен (Кабдрахманов — ред.) күресіп жатты», — деді Ыдырыс.
Сергей Морозов әлемнің үздік лигасы UFC-де 5 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңіске жеткен. Оның американдық лига аясындағы соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың 17 желтоқсанында Джурни Ньюсонға қарсы жұдырықтасты.