Әліби Ыдырыс: Төрт жыл ішінде менің сыйақым 50 мыңнан 5 млн тенгеге дейін көтерілді
Қазақстандық жауынгер, NAIZA лигасының чемпионы Әліби Ыдырыс Sarbazpodcast YouTube-арнасына берген сұхбатында белгілі қазақстандық менеджер Саят Абдрахмановпен жұмыс және жекпе-жектерден түсетін сыйақы мөлшері туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- Мен Саят Абдрахмановпен байланыста болдым. Ол маған Ruby Sports & Entertainment-пен келісімшартқа отыруға ұсыныс жасамады, бірақ Abu Dhabi Warriors және One FC лигаларында жекпе-жектер ұсынды. Бұл ұсыныстар маған ұнамады: олар сыйақы жағынан төмен болды немесе 61 келі салмақта төбелесуді сұрады. Мен NAIZA лигасында өзімнің тарихым бар, мен мұнда 5-10 мың долларға әлемдік рейтингте жақсы орындарда тұрған жауынгерлермен төбелесемін, ал One FC лигасында 1500+1500 доллар сыйақыға шығу бұл менің тарапымнан ақымақтық болады. NAIZA-ның соңғы жекпе-жегінде мен 6200+6200 доллар алдым. Үкіметке салық төлегеннен кейін, менің қолыма таза 10 000 доллар ақша түседі. Ал мен ең бірінші төбелескен жекпе-жегімде 50 мың тенге сыйақы алдым. Төрт жылдың ішінде сыйықы мөлшері 50 мыңнан 5 млн. тенгеге көтерілді, - деді Әліби.