Құламбаева Сербия турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева словениялық серіктесі Жива Фалькнермен бірге Сербияның Врнячка-Бане қаласында өткен турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Құламбаева мен Фалькнер турнирдің басты фавориттері саналған, бірақ жартылай финалда үш сетте словениялық Эла Нала Милич пен италиялық Анна Туратидің жұбына 3:6, 6:2, 7:10 есебімен жеңіліп, турнирдегі өнерін ерте аяқтады.