logo

Жереми Манзорро: Қазақстанда адамдар мен жайлы жаман пікір қалыптастырған

Жереми Манзорро: Қазақстанда адамдар мен жайлы жаман пікір қалыптастырған

«Астана», «Ертіс» және «Тобыл» командаларының бұрынғы футболшысы Жереми Манзорро Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Үндістан чемпионатының ерекшеліктері, «Астанаға» деген өкпесі және не себепті Қазақстанға оралмайтыны жайлы айтты.

— Жереми, сіз Үндістанда өнер көрсетесіз. Чемпионат деңгейіне қандай баға бере аласыз? Қазақстан чемпионатынан мықты ма?

— Үнді Суперлигасы қарқынды түрде дамып келеді. Жыл санап, деңгейі өсіп, болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Чемпионаттың деңгейіне келетін болсақ, Үндістанда барлығы басқаша. Ауа-райы Қазақстанмен салыстыруға мүлде келмейді.

-Үндістанда тазалық мәселесі бар екенін бәрімізге мәлім. Тамақтану мен тұрмыс-тіршілікке қатысты проблемалар болды ма?

— Үнді мемлекетінің өзге мемлекеттерден аса бір айырмашылығы жоқ. Алайда, қауіпсіз мемлекет және керектінің бәрін табуға болады.

— Қазақстаннан не себепті кеттіңіз?

— Қазақстаннан кеткен себебім «Астана» командасы мені өзінің құрамынды көргісі келмеді. Алайда, менің тағы бір жылға келісімшартым болған. Басшылылық ауысқанан кейін, командаға әкелген пайдама қарамастан құрамына қоспады. Қазақстан -менің мәнсабымдағы жақсы кезең болды: екі мәрте Қазақстан чемпионы атандым, жақсы достар таптым.

— Қайтадан құрылған «Ертіс» командасының сіздің алдыңызда қарызы жоқ па?

— «Ертіс» командасының менің алдымда ешқашан қарызы болған емес. Клуб әрдайым жалақыны уақытылы төлейтін. Ол кезде команадада финанстық тұрғыда барлығы жақсы еді.

— Қазақстандық клубтардан ұсыныс түссе қайта оралуға дайынсыз ба?

— «Қазақстанға қайтып оралығыңыз келе ме?» деген сұраққа «жоқ» деп жауап беретін едім. Қазақстанда чемпион атандым, Суперкубокты иелендім, УЕФА Конференция лигасында ойнадым. Бір сөзбен айтқанда, алға қойған мақсаттарымды орындадым. Тағы бір себебі, адамдар мен жайлы жаман репутация қалыптастырған. Ол жағдайларда менің кінәм жоқ еді. Мен бас тарта алмайтын ұсыныс болмаса, Қазақстанға қайтып оралмаймын. Қазақстанда өнер көрсетіп, жүрген кезде өзімді жақсы сезініп едім. Қазіргі клубым — «Мумбай сити» — өте кәсіби клуб.