logo

Станислав Черчесов: Тек қорғаныста ойнау - біздің ұстаным емес

Станислав Черчесов: Тек қорғаныста ойнау - біздің ұстаным емес

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Австриямен ойыннан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Оқу-жаттығу жиынында жоспарды толық орындадық. Түркия және Ресей чемпионатында ойнайтын аяқдопшылар екі күн бұрын ғана келді. Алғашқы жаттығуларынан соң жағдайына қарап, дәрігерлермен ақылдасып, шешім қабылдаймыз.

Константин Горовенко мен Елдос Ахметовты шақыру менің шешімім еді. Магомед Адиевтің штабындағы мамандар қалса, оларға да ұсыныс жасар едім. Қай жерде жұмыс істесем, сол жердің мамандарын шақырамын. Олар жастармен жұмыс істеп, қабілетін біледі.

Австрия допқа иелік етеді, бірақ Норвегиямен кездесуде жеңілдіей. Қауіпті сәттерден алыстап, өз қақпамыздың алдындағы ойынға сақ болуымыз керек. Тек қорғаныста ойнау - біздің ұстаным емес»