«Бавария» футболшысы Қазақстан құрамасының ерекшелігі туралы айтты
Мюнхендің «Бавария» мен Аустрия құрамасының жартылай қорғаушысы Конрад Лаймер УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Қазақстанға қарсы матч туралы пікір бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Аустрия футбол одағының ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
«Егер біз жеңе алмасақ, онда, әрине, бұл циклды соңғы рет болғандай сәттісіз деп атауға болады. Әрине, команда ретінде біз мәселелерді талдап, қай тұстар дұрыс болмағанын сараладық. Құрамаға келгеннен кейін әрқайсымыз команда бұрын иеленген биіктерге оралу керек деген пікірге келдік.
Қазақстан құрамасы туралы не айта аламын? Өз қақпасына жақын ойнайтын командаға қарсы өнер көрсету әрқашан қиын. Алаңдағы бірінші секундтан бастап өзіміздің ең жақсы футболымызды көрсетуіміз керек — сонда бірде-бір команда біз үшін алынбас қамал болмайды. Бастысы — стадион трибуналары бос болмаса екен! Жанкүйерлердің қолдауы әрқашан мотивация береді. Әрбір жанкүйер осы жетістіктерге өз үлесін қосады», — деді танымал футболшы.
Естеріңізге сала кетейік, Аустрия — Қазақстан ойыны 10 қазанда өтеді. Матчтың басталуы 23:45–те.