logo

Генрих Шмидтгаль: Германияда Қазақстан құрамасына деген көзқарас өзгерді

Генрих Шмидтгаль: Германияда Қазақстан құрамасына деген көзқарас өзгерді

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Генрих Шмидтгаль Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Германия футбол жанкүйерлері Қазақстан құрамасы туралы пікірімен бөлісті.

— Иә, отбасымызбен бірге біз әрқашан Қазақстан құрамасын қуана бақылап отырамыз және барлық жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар боламыз. Команданың соңғы бірнеше жылдағы жетістіктері керемет болды! Әсіресе команда Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін бір қадам қалған кезде. Команда плей-офф ойындарында Грекиядан жеңілген кезде ренжідік. Алайда, Германияда соңғы жылдары Қазақстан құрамасына деген көзқарас айтарлықтай өзгерді деп айта аламын. Қазір біздің құраманы көптеген адамдар байсалды бәсекелес ретінде қарастырады, — деді Шмидтгаль.

Генрих Шмидтгаль — Қазақстанда туылған, бірақ Германияда футбол ойнап үйренген футболшы. Ол 2010 жылы Қазақстан құрамасында дебют жасап, ұлттық команда сапында 14 матч өткізіп, 1 соқты. Ең қызығы құрама сапындағы жалғыз голын ол Германиямен өткен ойында соқты.