logo

Грекия соңғы минуттарда Англиядан жеңісті жұлып әкетті

Грекия соңғы минуттарда Англиядан жеңісті жұлып әкетті

Англия құрамасы өз алаңында Ұлттар Лигасының үшінші турында Грекия командасынан жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойын Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтіп, 1:2 есебімен англиялықтардың жеңілісімен аяқталды. 49-минутта Вангелис Павлидис гректерді алға шығарды. 88-минутта Джуд Беллингем қожайындарды жеңілістен құтқарғандай болғанымен, 90+4 минутта Павлидис дубль жасап, Грекия құрамасына жеңіс сыйлады.

Үш ойыннан кейін Грекия құрамасы максималды көрсеткішке — тоғыз ұпайға ие. Англия құрамасының үш турдан кейін алты ұпайы бар.



Күн шежіресі