Астанада алғаш рет кураш күресінен әлем чемпионаты өтеді

Астанада алғаш рет кураш күресінен әлем чемпионаты өтеді

7–8 қараша күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында кұраш күресінен XV әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан құрамасының намысын 16 спортшы қорғайды. Ұлттық құрама сапына 2026 жылғы Қазақстан және Азия чемпионаттарының қорытындысы бойынша іріктелген спортшылар енді.

Ерлер: Әділет Ахметғали, Болат Біләл, Айбатыр Миразат, Ерсұлтан Мұзаппаров, Бибарыс Нұғман, Темірлан Сағындықов, Данил Фёдоров, Ғалымжан Қырықбай.

Әйелдер: Альбина Бахиева, Жібек Жақсыбай, Ақбота Қыдырали, Рауза Нұрмұхамбетова, Асылжан Орынбасарова, Зарина Сәріпова, Нұрайым Сәрсенбек, Назерке Тілеуханова.

Ұлттық құраманың бас бапкері — Ғұмар Қырғызбаев.
 



Күн шежіресі