«Зенит» Нұралы Әліппен келісімшартын ұзартты
Санкт-Петербургтік «Зенит» 24 жастағы қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліппен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жаңартылған келісімшарт Әліппен 2027/28 маусымының соңына дейін жарамды болады.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы «көк-ақ-көктер» сапында 62 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Естеріңізге сала кетейік, Нұралы клубтағы жаттығулардың бірінде аяғынан жарақат алып, екі-үш аптаға алаңға шыға алмайды.