logo

Жас талант Абинұр Нұрымбет: Қазақстан чемпионаты Беларусь чемпионатынан мықты

Жас талант Абинұр Нұрымбет: Қазақстан чемпионаты Беларусь чемпионатынан мықты

Белоруссиялық «Гомелде» өнер көрсететін қазақстандық жас футболшы Абинұр Нұрымбет sport5.by сайтына берген сұхбатында алға қойылған мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

- Бапкер қайда қойса, сол жерде ойнауға дайынмын. Жалпы, маған барлық позицияларда ойнау ыңғайлы, бастысы – командаға пайда алып келу. Мен әлі Отаныма оралуды жоспарламаймын, өз күшімді Еуропада сынап көргім келеді. Қазақстан чемпионаты Беларусь чемпионатынан мықты, бірақ өз мүмкіндіктерімді басқа елде сынап көргім келеді. Жылдың басында шетелге кетуге және сол жерде жетістіктерге жетуге дайын болдым, - деді 18-жасар Тараз футболының түлегі.

Жартылай қорғаушы позициясында ойнайтын Абинұр Нұрымбет 2024 жылдың басында хорватиялық «Локомотив» командасында қаралымда болды, алайда шетелге үйренісе алмау себебінен наурыз айында футболшы «Гомель» клубына ауысты. 



Күн шежіресі