Жания Бекмұхамбетова Словакиядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстанның үстел теннисі командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Словакияның Сенец қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport +.
Спортшы 11 жасқа дейінгі балалар арасында болған бәсекеде топ жарды.
Еске сала кетейік, бұған дейінде Жания Бекмұхамедова Мысырдың Исмаилияда қаласында өткен жарыста жекелей ойында жеңіске жетіп, топтық жарыста екінші орынды иеленген болатын.
Турнир барысында Жания Украинадан келген Александра Бецті, Словакиядан келген Юлия Вчелкованы және София Трускованы, Сингапурдан келген Селестина Капатиді, Швейцариядан келген Эмили Вуды және Моңғолиядан келген Аялгуу Эрденехуякты жеңді.