11-жасар Қазақстан теннисшісі абсолютті чемпион атанды
Қазақстан командасы Исмаилиядағы (Мысыр) үстел теннисінен «WTT Youth Contender» халықаралық турнирге қатысуда, деп хабарлайды Sport+.
13 жасқа дейінгі санатта 11-жасар Жания Бекмұхамбетова жеңіске жетті. Қазақстан теннисшісі жеті ойынның барлығында жеңіске жетіп, өз санатында абсолютті чемпион атанды.