logo

Теннисшілердің тарихи көрсеткіші тіркелді

Теннисшілердің тарихи көрсеткіші тіркелді

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасуда. Турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін сайысқа түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Біздің құрама Иран елінен келген спортшыларға қарсы ойнады. 

Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандық команда жетінші орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстандық спортшылар үш Азия чемпионатында үздік сегіздікке еніп отыр. 

Айта кетелік, бұл турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.



Күн шежіресі