logo

Үстел теннисінен АЧ: Қазақстан ерлер құрамасы 1/4 финалға шықты

Үстел теннисінен АЧ: Қазақстан ерлер құрамасы 1/4 финалға шықты

Қазақстан ерлер командасы астанада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында финалдық сегіздікке жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы Сауд арабиясымен бірінші дивизиондағы финалдық сегіздікті өзара сарапқа салды.

Алғашқы сайыста қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко Сауд арабиялық қарсыласы Әлім Аззамды 3:2 есебімен жеңді.

Ал екінші болып өнер көрсеткен Алан Құрманғалиев Токио олимпиадасының қатысушысы Әли Әл-Хадрауиды 3:2 есебімен қапы қалдырды.

Шешуші матчта Айдос Кенжеғұлов қарсыласы Найф әл-Жадиды 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы сегіз мықты командалар қатарына жолдама алды.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы бірінші дивизиондағы алғашқы сайысында Таиландты 3:1 есебімен жеңген болатын.



Күн шежіресі