logo

Жәмиля Бақбергенова – Венгриядағы турнирдің күміс жүлдегері (видео)

Жәмиля Бақбергенова – Венгриядағы турнирдің күміс жүлдегері (видео)

Әйелдер күресінен әлемдік рейтингтің бірінші нөмірі — қазақстандық Жәмиля Бақбергенова Венгрияда өткен рейтингтік турнирде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport+.

Жәмиля бақ сынаған салмақ дәрежесінде бар болғаны 6 спортшы тіркелгендіктен, ұйымдастырушылар айналмалы жүйе бойынша жарыс өткізу туралы шешім қабылдады. Жеңістер саны бойынша турнир жеңімпазы анықталды.

Бақбергенова Паулин Лекарпенье (Франция), Кристина Бартчикова (Ресей) және Ксения Буракова (Ресей) сияқты қарсыластарын жеңіп шықты.

Алайда шешуші белдесуде Үндістандық Харшита Харшитаға есе жіберіп, екінші орынға тұрақтады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде үш жүлде бар — бір күміс және екі қола.



Күн шежіресі