Асылжан Есенгелді – Венгрияда өткен рейтингтік турнирдің қола жүлдегері (видео)

Венгрияда өтіп жатқан «Polyák Imre & Varga János Memorial» күрес турнирінің алғашқы күні аяқталды. Бұл жарысқа қазақстандық балуандар да қатысуда, деп хабарлайды Sport+.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асылжан Есенгельді грузиялық балуан Гиорги Гониашвилимен өткен белдесуде жеңіске жетіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.
Осылайша, Асылжан Венгриядағы турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.