Греко-рим күресінен Қазақстан кубогының жеңімпаздары анықталды (видео)

30 мамыр күні Қазақстан күрес кубогы аясында грек-рим стилі бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Sport+.
63 келі дейінгі салмақ дәрежесінде Алматыдан шыққан Еркебұлан Ардаков финалда Асауғат Мұхамадиевті жеңді.
77 келі дейінгі категорияда Талас Әшірханов Ноил Омаровтан басым түсті.
82 келі дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы облысынан келген Альмир Төлебаев финалда Қахарман Қысыметовты жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Ал кешкі соңғы финалда 87 келі дейінгі салмақта Ислам Евлоев Мақсат Сайлаудан басым түсті.