logo

Жалғас Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы UFC чемпионы атанды

Жалғас Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы UFC чемпионы атанды

Мьянма өкілі Джошуа Ван UFC тарихындағы Азиядан шыққан алғашқы чемпион атанды, деп хабарлайды Sport+.

Ван турнир аясында Алешандре Пантожаны техникалық нокаутпен жеңді.

Бразилиялық спортшы жекпе-жектің небәрі 1-минутында құлаған сәтте қолын сындырып алды.

Айта кетейік, Ванның UFC-дегі алғашқы қарсыласы қазақстандық Жалғас Жұмағұлов болған еді. Сол жекпе-жекте Джошуа төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.



Күн шежіресі