Қайрат Ахметовтың октагонға оралу мерзімі мен қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық жауынгер Қайрат Ахметов (30-2) келесі жекпе-жегін 9 қаңтарда өткізеді, деп хабарлайды Sport+ «Вестник ММА» Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
Ахметов Ресейдің Грозный қаласында өтетін АСА 198 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы ресейлік файтер Мансур Хатуев (16-5) болады.
Қазақстандық спортшы үшін бұл Absolute Championship Akhmat лигасындағы дебюттік жекпе-жек болмақ, ал оның қарсыласы бұл промоушнда 14 кездесу өткізіп, 9-5 рекордқа ие.